Аймақ

Димаштың француз жанкүйерлері қарағандылық 50 ерекше қажеттілігі бар балаларға мереке ұйымдастырды

Қарағандыда “Батыл жүрек” қорының 50 шәкірті үшін қайырымдылық мерекесі өтті. Балаларға арналған мерекеге Франциядан келген Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қаражат жинаған. Өз кумирлерінің туған күнінде фан-клуб қатысушылары Қазақстанның түрлі өңірлерінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру олар үшін дәстүрге айналған.

Қарағанды әкімінің мүгедектердің құқықтарын сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әсел Бекбаеваның айтуынша, биыл жанкүйерлер қарағандылық балаларды қуантуға шешім қабылдаған.

– Бүгін біз акцияны “Батыл жүрек” қорындағы 50 балаға өткіземіз. Үйде оқитын балалар, сондай-ақ мектеп-интернаттарға баратындар қатысады. Bala рark ойын-сауық орталығында біз бесінші рет қайырымдылық шарасын өткізіп отырмыз. Жақында демеушінің арқасында біз мұнда даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттың 110 тәрбиеленушісіне арналған мереке ұйымдастырдық. Ұжымның біздің балаларымызға ерекше көзқарасы үшін ойын-сауық орталығына ерекше алғыс айтамыз. Адамдарды осындай игі істерге шабыттандыратын шығармашылығы үшін Димашқа рахмет! – деді Әсел Бекбаева.

Әсел Бекбаева қарағандылықтарды акцияны қолдауға шақырады.

– Мен аутизм спектрі бұзылған ұлымды тәрбиелеп жатырмын. Бүгінгі іс-шара – менің баламның қуанышы. Егер менің ұлым бақытты болса, мен де бақыттымын.  Бізге бұндай қуанышты эмоциялар өте қажет, – дейді “Батыл жүрек” қорының кураторы Александра Самул.

Мереке сабын көпіршіктерімен және аниматорлармен бірлескен ойындармен аяқталды.

– Егер жанашыр жерлестеріміз ерекше қажеттілігі бар балаға кем дегенде бір күн ұмытылмас әсер қалдырғысы келсе, онда біз жобаны жалғастырамыз және мүмкіндігінше ерекше балаларды қамтимыз. Бұл мереке олардың ата-аналарына да қажет. Мұнда олар ашылып, балалары үшін қуанады, – дейді Қарағанды әкімінің кеңесшісі.

Ерекше балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарыңызды +7-702-745-43-02 (Әсел Бекбаева) телефоны бойынша қалдыруларыңызға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button