Руханият

Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Димаш Құдайберген “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағымен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Т.Асар мен Д.Құдайберген, ғалым А.Жұмаділдаев, киноактер Н.Есімғалиев, дирижер Р.Салаватов, балет әртісі Н.Семенова және басқалар бар”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button