Бас тақырып

Әділетті Қазақстан құндылығы – бірлік

Кеше Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының «Әділетті Қазақстанның құндылықтары – сараптамалық қауымдастықтың ғылыми және тәрбиелік іс-әрекетінің басты бағыты» атты тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Суреттер: ҚХА Қарағанды облыстық филиалынан

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі жиынға
облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО ҚХА кафедраларының меңгерушілері, өңіріміздің этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және университет ғалымдары мен студенттері қатысты.

Сонымен қатар, Астанадан арнайы келген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысты.

Кеңейтілген отырыста жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау сөз болды. Жиылғандар тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың, мәдениетаралық диалог пен толеранттық көзқарастарға қатысты пікір білдірді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы Құсайын «Алғыс айту» күні қарсаңында жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Өңірімізде бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау бағытында жүрізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button