Жаңалықтар

Дертке қарсы қарекет

Облыста жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар басталып кетті. Оның ішінде, нодулярлы дерматит атты мал ауруына қарсы вакцина егілуде.

Облыс әкімдігінің қаулысымен мал ауруларын толықтай тексеру мақсатында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілген. Бұл аурулардың тізбесіне барлық жануарларға ортақ псороптоз, гельминтоз, фасциолез және мүйізді ірі қара малының гиподерматоз аурулары кіреді.

Биыл Теміртау мен Ақтау кентінде нодулярлы дерматит ауруына қарсы 2500 мүйізді ірі қара малына екпе егу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, малдарды әр түрлі аурулардан қорғайтын екпе үшін бюджеттен 5 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

  • Ветеринария бөлімінің мамандары егуден басқа малға толық тексеріс жүргізіп, қан сараптамасын алады. Ақтау кентіндегі жұмыс 1 наурыздан басталды. Одан кейін мал дәрігерлері Теміртаудағы шаруа қожалықтарына барады. Биыл барлығы 48 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде, 12 – профилактикалық, 35 – диагностикалық іс-шаралар. Және жылқының энзоотиялық ауруына қарсы алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін 2 мыңға жуық сырға сатып алынды. Маусым айында жылқыларды чиптеу жұмыстары басталады, – дейді Теміртау қаласының ветеринария бөлімінің басшысы Раушан Адыханова.

Екпе жасау науқаны мамыр айына дейін жалғасады.

Мал дәрігерлері тұрғындарға малды заңдастыру мал иесі үшін сақтандыру шарасы екендігін, оның маңыздылығын түсіндіруде.

Басқа материалдар

Back to top button