Бас тақырыпРесми

Депутаттар – ел ішінде

Еліміздің заңнамалық құжаттарындағы өзгерістерді және әзірлік үстіндегі заң жобаларын халыққа түсіндіру және жан-жақты мағлұмат беру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттары ел ішіне шықты.

 

Осындай кездесудің бірі облыс әкімдігінде де өтті. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Мәжіліс депутаттары – Нұрлан Әбдіров, Асқар Базарбаев, Гүлнар Бижанова, Нұрлан Дулатбеков, Арман Қожахметов және Шәкір Хахазовты қабылдады.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, мемлекеттің қатысуымен Парламент тарапынан өте ауқымды шаралар атқарылған. Мәселен, соңғы бес жылдың ішінде педагог мәртебесіне қатысты бюджеттен 5,3 трл. теңге жұмсалыпты. Ендігі мақсат – мұғалімдерге жасалатын қамқорлық арқылы білім саласына ер адамдарды тарту.

Сондай-ақ, депутаттар облыстың ардагерлер кеңесінің құрамымен де кездесті. Кездесу барысында айтылғандардың барлығы жерде қалмайды деп сендіреді олар. Ардагерлердің өтініштері құзырлы органдарға жетіп, тиісті шара қолданылады.

Халық қалаулылары заң жобаларын талқылау және түсіндіру мақсатында полиция департаментінде де кездесу өткізді.

 – Мал ұрлығы үшін жазалауды жеке бапта белгілеу жоспарланып отыр. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жаза қатаң – енді ол үшін жүргізушілер бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді депутат Н.Әбдіров.

Депутаттар облыста тағы бірнеше күн болады. Олар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесіп, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button