Қарағанды

ДЕПУТАТ – ЕЛ АРАСЫНДА

      Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали ӘБДІКЕРОВ Қарағанды қалалық әкімдігінің қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Рысқали Қалиақбарұлының қабылдауына он бір тұрғын келді. Екі азаматтың өтініші дереу оң шешімін тауып, бес өтініштің келешекте қаралуы бақылауға алынды.

Сонымен қатар, төрт өтініш бойынша тиісті түсіндірулер берілді. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.Молдабековке олардың өтініштерін мұқият зерделеп, көрсетілген мерзімде  жауабын беру ұсынылды.

Қабылдауда Қарағанды қаласының тұрғыны Т.Шутова ажырасқан және алимент ала алмай жүрген отбасылар мәселесін қозғады. Аталған жағдайға душар болған отбасылардың кәмелетке толмаған балаларының құқықтарын қорғау үшін арнайы қор ашу қажеттігін жеткізді.

Қарағанды қаласының тұрғыны О.Гарницкий қаланың кейбір аудандарында орталықтандырылған жы­­лумен қамтамасыз ету, ыстық сумен, газбен жаб­дықтау мәселелерінің ше­шілмей жатқанын ортаға салды. «Қорғау» ардагерлер кеңесінің мүшесі В.Чайка ардагерлердің қаланың, облыстың дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлестері туралы баян­­дады. Осы орайда, қала ардагерлерінің атынан «Ар­­дагерлер туралы» Заң қа­былдау жөнінде  ұсыныс жасады.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button