Бас тақырыпРесми

Денсаулық сақтау саласына қомақты қаржы бөлінеді

Облыста биыл денсаулық сақтау саласына 93 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Бөлінген қаражаттың үштен бір бөлігі міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне арналған. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.

 

МӘМС жүйесінде мектеп медицинасын субсидиялау қарастырылған. Консультациялық-диагностикалық және оңалту көмегін қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайды. Қымбат зерттеулерге қол жеткізу 2 есеге көбейді.

Мемлекет есебінен қаржыландырылатын жеңілдік алатын азаматтар санатына автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесі берілді. Жұмыс істейтін қарағандылықтар үшін жарналарды жұмыс берушілер аударады. Аймақтағы 90 мыңға жуық өз бетінше жұмыспен айналысушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем қарастырылған. Ол республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК және қалған елді мекендер үшін 0,5 АЕК.

– Біз Мемлекеттік кірістер департаментімен бірге күн сайын, апта сайын осы жарналардың аударылуын қадағалаймыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнап, біз бірыңғай жиынтық төлемді төлеу терминалдарын орнатамыз. Бүгінгі таңда халықтың басым бөлігі, ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, МӘМС қатысушылары болып отыр, – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гамаль Тоқсанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру міндетті болды. МӘМС жүйесімен ел халқының 94,5% қамтуды жоспарлануда. Оның 5%-ы – дербес төлеушілер. 1 сәуірге дейін елдің барлық тұрғындары өз мәртебесін анықтауы тиіс. Себебі, сол арқылы сіздің сақтандыруыңызды мемлекет, жұмыс беруші немесе өзіңіз қаржыландыратыныңыз белгілі болады.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button