ОсакаровСайлау – 2021

Дауыс беру қарқынды

– Қазіргі ақпарат бойынша Осакаров ауданында ауыл әкімдеріне сайлауда 2 283 адам дауыс берді. Бұл – сайлаушылардың жалпы санының 49%-ын құрады, –  деп атап өтті аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дана Молдағалиева.

Мұнда барлығы 8 ауылдық округте 8 жаңа әкімді сайлау үшін 14 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округінің №665 сайлау учаскесінің төрағасы Константин Пышкин адамдардың дауыс беруге оң көңіл-күймен келіп жатқанын атап өтті. Азаматтық парызды орындаудың қаншалықты маңызды екенін елдің бәрі түсінетіні анық.

– Біздің учаскеде 650-ден астам сайлаушы бар. Таңғы сағат 10-ға қарай 230 адам дауыс берді. Алғаш рет дауыс бергендерге естелік сыйлық ұйымдастырылды. Үйде отырып 15 адам дауыс береді, олар денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайды. Түскі уақытты біз оларға жылжымалыы жәшікпен барамыз. Әкімдерді тікелей сайлаудың жаңа жүйесі адамдарға болашақта жұмыс істегісі келетін, өздеріне сенетін және өздері білетін адамдар үшін өз дауыстарын беруге мүмкіндік береді деп санаймын. Біздің ауылдық округте сайлау алдындағы жарысқа үш адам қатысады. Екеуі өзін-өзі ұсынған және біреуі – Nur Otan партиясынан, – дейді учаске төрағасы.

Осакаров ауданында барлығы 25 ауылдық округ әкіміне үміткер тіркелген, оның ішінде 16 ер адам және 9 әйел адам. Арасында Nur Otan, ADAL, Қазақстанның Халық партиясы, «Ауыл» саяси партиялары ұсынған үміткерлер де бар.

Фархат КИНЖИТАЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button