Білім

Дарынды балаларға арналған мектептерге құжат қабылдау басталды

Қарағанды облысында жеті мамандандырылған мектеп-интернат, екі лицей-интернат және облыстық музыкалық мектеп-интернат бар. Атап айтар болсақ, Жамбыл атындағы ММЛИ, Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ, «Дарын» ММЛИ, «Мұрагер» ММЛИ, ақпараттық технологиялар ММЛИ, Балқашта – «Зияткер» МММ; Теміртауда – «Озат» МММ. Аталған білім ордаларына 5,6,7 сынып оқушылары құжаттарын тапсыра алады. 

Сурет edu.mcfr.kz

Құжаттарды онлайн түрде 15 сәуірге дейін www.qabyldau.daryn.kz сайтында тапсыруға болады.

Жетінші сыныптан бастап қабылдауды Қарағандыдағы «Білім-инновация» екі лицей-интернаты жүргізеді. Онлайн-тіркеу және құжаттарды қабылдау www.bilemtihan.kz сайтында 12 сәуірге дейін жүргізіледі.

Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатқа түсу үшін құжаттарды осы жылдың 15 сәуіріне дейін www.e.bilimal.kz сайтына тапсыруға болады.

Дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: (8-7212) 41-22-88.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button