Саран

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мамандардың, мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізетін «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» XII республикалық педагогикалық олимпиадасы Алматы қаласы «Алатау» шипажайында өтті.

Педагогикалық олимпиада педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік береді. Республика бойынша 15 гуманитарлық колледж және жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған командалар бәсекеге түсті. Қазылар құрамында жоғары оқу орындарынан келген педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлары болды.

Байқауда Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінен құралған «Ұлағат» тобы бағын сынап, II орынға иеленіп, облыстың намысын қорғады.

«Ұлағат» тобының құрамында колледж оқытушылары – Ү.Зейнеттолина, А.Әбеуғалиева, А.Галькевич, студенттер – Г.Сатиева, К.Нұрпейіс, Н.Салауат, Н.Оралбек, А.Шихавцова, А.Валжнова, К.Копать болды. Конкурс тапсырмаларын орындау барысында студенттер жаңартылған білім мазмұнына негізделген сабақтан үзінді, ғылыми жоба, сахналық қойылымды ән-би, көлеңке театры, пантамимо, поэзия арқылы кәсіби деңгейде болашақ жас маман ретінде педагогикалық мамандыққа толыққанды дайын екендіктерін дәлелдеді.

Алғашқы өзін-өзі таныстыру – «Бала жүрегіне жол табу» кезеңінде «Ұлағат» тобының мүшелері 95 жыл тарихы бар киелі шаңырақ – Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі тарихы мен жетістіктерін озық педагогикалық идеялардың жаңа үлгідегі әдіс-тәсілдері арқылы паш етті.

Екінші кезең – капитандар сайысы – психологиялық-педагогикалық экспромт «Педагогикалық ахуалдың талдамасы». «Ұлағат» командасының капитаны, СГТК 4-курс студенті Г.Сатиева педагогикалық жағдаяттың шешу жолын көрсетіп, педагогтың шеберлігін көрсетті.

Сондай-ақ, «Ұжымдық шығармашылық қызмет» – «Арманда, іске асыр, жас ұстаз!» кезеңінде команда әдістемелік, креативті, заманауи талаптарға сәйкес, үш тұғырлы тіл саясатын, қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа сапалық деңгейге көтеру – отандық педагогика алдындағы басты міндет екенін бірлескен ұжымдық шығармашылық жұмыс арқылы жүзеге асырды.

Республикалық педагогикалық олимпиадада Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледж студенттерінен құралған команда бірнеше жыл қатарынан білім мен ғылым, өнер жолында күш сынасып, алдыңғы орындарға ие болып келетіні тілге тиек етіліп, педагогика, психология пәндерінің оқытушысы Ү.Зейнетоллинаны, информатика пәнінің оқытушысы А.Әбеуғалиеваны «Дарын» РҒПО директоры Ш.Қирабаева Алғыс хатпен марапаттады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиеваның II дәрежелі дипломы, сертификаттар табысталды.

Г.САТИЕВА,

ҚТӘ-9-13 тобының студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button