«Дарынды бала» – бүлдіршінге тарту

   Сейсенбі күні кеншілер шаһарында 150 орынды «Дарынды бала» жеке­мен­шік балабақшасы ашылды. Қарағандыда отыз мыңға жуық бүлдір­шін балабақша кезегінде тұрғанын ескерсек, жаңа балабақшаның жал­пыға берері көп.

Жалпы, «Дарынды бала» ба­лабақшасы көпбалалы ана, «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Талант менеджмент» жо­басының үйлестірушісі Айнагүл Хамитованың бастамасымен ашы­­лып отыр. Кәсіпкер алғаш 2014 жылы бүлдіршіндерге ар­нал­ған «Талант менеджмент» жобасын жасады. Балалардың қа­­білетін арттыру мақсатында мем­лекеттік грант негізінде 2015 жылы 45 орынды «Дарынды бала» балабақшасы жұмысын бастады. Кейін «Дарынды баланың» филиалдары Қарағандының бірқатар аумақтарында ашыла бастады.

Әлия БАЗАРБАЙ, Қарағанды қаласы жалпы және орта білім беру секторының бас маманы:

Жалпы, кеншілер шаһа­рында балабақша ашу – кезек күттірмейтін мәселе екені белгілі. Балабақша ашу тө­ңі­р­егінде ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама жұ­мыстарының нәтижесі осыны меңзейді. Қазіргі таңда Қара­ған­дыда осы мақсатта ата-аналар сұранысына орай жекеменшік балабақшалар бой көтеруде.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда «Дарынды бала» жобасы – балабақшалар желісі арқылы бүлдіршіндердің білім көкжиегін дамытуда ауқымды жұмыстар ат­қаруда. Балалар психология ғылымдарының докторы Айжан Изақованың «Талант менеджмент» авторлық бағдарламасы арқылы тәлім алады.Талантын ашу мақсатында әрбір бүлдіршінге жіті көңіл бөлінеді. Осы орайда балабақшада музыкалық үйір­мелер, шахмат, актерлік шебер­лікті дамыту, вокал сыныптары және футбол ойнайтын алаңдар қарастырылған. Қазіргі таңда жоба аясында отыз адам жұмыс жасайды. 2017 жылы 100 орынды жаңа балабақша ашуды жоспарлап отыр.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.