Жаңалықтар

Дарындыға дау жоқ

    Жуырда Шет ауданына қарасты С.Сейфуллин кентінің 3-ші сынып оқушысы Дархан ҚАСЫМБЕК Алматы қаласы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген «Соғады жүрек» атты республикалық М.Мақатаев оқуларында «Көркемсөз» аталымы бойынша жүлделі І орынды қанжығалады.

    Байқауға ҚР Көркемөнер академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаев, М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың төрағасы Бақытгүл Айдарова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, М.Мақатаев атындағы төсбелгінің иегері Әсия Мәлімова сынды беделі бес атанға жүк болар айтулы азаматтардың қазылық еткенін ескерсек, Дарханның шеберлігіне шүбә келтіру қиын. Алатаудан жеткен айрықша қуаныш – күллі Арқа топырағына ортақ мерей. Балауса балғынның бағындырар биігі көп болғай.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button