Спорт

Дарья – дара шықты

Ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өткен Әлем чемпионатынан қарағандылық Дарья Балабаюк жүлдемен оралды.

Аталмыш чемпионатқа 54 елден 500-ден астам спортшы қатысқан. Байрақты бәсекеде ел атынан бақ сынаған қос қарағандылық Дарья Балабаюк пен Никита Абдрахманов қатысқан болатын. Дарья жұлқи көтеруден сынға түсіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, ол өткен жылы маусым айында жасөспірімдер мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Мексиканың Леоне қаласында өткен Әлем чемпионатында жұлқи көтеруде ІІІ орынға ие болған еді. Шілде айының соңында Ташкентте өткен Азия біріншілігінің «күміс» жүлдегері атанды.  

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button