Жаңалықтар

Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып сайланды

Сенат депутаттары арасында құпия дауыс беру нәтижесінде Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының төрайымы болып сайланды.  Сенаттағы 44 депутаттың барлығы Дариға Назарбаеваның кандидатурасын мақұлдады. 

«Дариға Нұрсұлтанқызын баршаңыз жақсы білесіздер. Ол көптен бері сіздермен тығыз жұмыс істеп келеді. Қоғамдық және саяси қызметтерде жинаған тәжірибесі мол. Тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де танымал саясаткер. Тұңғыш Президент – Елбасының Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру және тұрғындарға әлеуметтік тұрғыдан көрсетілетін қолдауды күшейту жөнінде алға қойған ауқымды міндеттері сапалы заңдармен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан біз Дариға Назарбаеваға осындай жауапты миссияны жүктеп отырмыз. Осыған байланысты, Парламент Сенатының депутаттарынан мен ұсынған кандидатураны қолдауды сұраймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button