Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды
Сенат спикері Дариға Назарбаева 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президен сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды. Бұл туралы Дариға Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, — деп хабарлады Tengrinews.kz.
«Жоқ, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынбайды», — деді Сәуле Мұстафаева телефон арқылы.