Дариға Назарбаева: “Біз араб емес, қазақпыз…”
Сенат депутаты, Халықаралық қарым-қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекке тыйым салуды көздейтін заң жобасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
“Біз араб емес, қазақпыз. Мен осыны айтқым келеді… Көбіміз қысқа шалбар киген сақалды адамдарды көргенде, оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, кейде тіпті экстремистік көзқарастағы адам деп қабылдаймыз. Жалпы, менің пікірімше, біздің заңнамамыз өте либералды. Барлық дінге демократиялық көзқараспен қараймыз. Ешкімге қысым көрсетілмейді. Егер діни көзқарас қоғамды дамытуға бағытталып, толеранттылық пен бейбітшілікті, тыныштықты насихаттаса, онда бұл жақсы емес пе?” — деді Назарбаева сенат кулуарында.
Айта кетсек, бүгін сенат депутаттары екінші оқылымда “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.