Бас тақырыпСпорт

Дәстүрлі эстафетаның жалауы желбіреді

Бүгін облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің дәстүрге айналған жеңіл атлетика эстафетасының жалауы желбіреді. Жарыс Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналып өткізілуде.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Аталмыш шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Аблаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстық мәслихаттың депутаты, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің директоры Ерден Халилин, «Saryarqa Aqparat» медиа-холдингінің директоры Қайрат Әбілда, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Оксана Мягких, Жеңіл атлетика ардагері Валерий Иванишко қатысты.

– Спортпен шұғылданған адам өте мықты болады. Қазақта «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Бүгінгі эстафета сәтті өтсін, – деді қала әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова.

— Биыл Қарағанды қаласына – 90 жыл, мәслихаттың құрылғанына – 30 жыл толып отыр. Спорттық шаралардың барлығы жастар – сіздер үшін ұйымдастырылуда. Өйткені Қазақстанның болашағы – біздің өсіп келе жатқан балаларымыз. Осындай спорттық шаралар әрқашан нашақорлыққа, тәртіп бұзушылыққа, жаман әдеттерге қарсы болып есептеледі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, құрметті ата-аналар, спортшылар, жанкүйерлер, бапкерлер Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, еліміздің болашағы елін, жерін сүйетін, мықты, күшті жастардың қолында. Жарыста мықтының мықтысы жеңсін. Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін, – деді Ерден Халиллин.

Шара басында Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Желаяқтардың алғашқы тобы жүгіруді 11:00-де Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысындағы Сарыарқа көшесінде орналасқан «Тутұғыр» композициясы алаңынан бастады.

Жарысқа оқушылар, студенттер, спорт клубтарының өкілдері, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, қаржы мекемелерінің, күштік құрылым қызметкерлері, ардагерлер және әуесқой спортшылар (медициналық анықтама бере отырып) қатысты.

Биыл 77-ші мәрте өткен эстафетаға 2000-ға жуық адам қатысты.

Қатысушыларды жас ерекшеліктеріне қарай 15 топқа бөліп, қашықтығына қарай 10 кезеңге қойған.

Бір топта 10 адам.  Әрқайсысы 300 метрге жүгірді. Ал, барлық кезеңнің жалпы ұзындығы – 3 мың шақырым.

Жарысты Қарағанды қаласының әкімдігі, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы һәм «Saryarqa Aqparat» ЖШС бірлесіп ұйымдастырып отыр. Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button