Руханият

Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс

Кеншілер шаһарындағы «Шалқыма» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергеннің «Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс» атты жеке шығармашылық концерті өтті. Концерттің өтуіне Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің ұйытқы болғанын атап айту керек.

Сурет ұйымдастырушылардан

Есімі тыңдарманға кеңінен таныс Елмұра Жаңаберген – Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. Ол Арал өңірі мен Сыр бойындағы жыраулық дәстүрді жалғастырушы, белгілі термеші, жыршы, әнші.

Қазақтың ән өнерін тек Қазақстанның ғана емес, әлем елдерінің сахнасында үздіксіз насихаттап, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген шебер орындаушы. Өзіне тән табиғи дауысы бар. Алдыңғы буыннан батасын да, жоғары бағасын да алған талғампаз әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Сонымен қатар, әуелете ән сала жүріп, өнер саласында зерттеу мақалаларын да жазып, жариялап келеді. Өнертану кандидаты.

Аталған өнер кешінде Н.Кенжеғұлұлының «Кәнеки, сөйле, қызыл тіл!», Т.Ізтілеуовтің «Тәлім», А.Байтұрсыновтың «Бір мысал», Ғ.Құрманғалиевтың «До­сыма», К.Әзірбаевтың «Бұл­бұл», Шашубайдың «Ақ қайың», Майлықожаның термесі және басқа да таңдаулы туындылар шырқалды.

Концертке бірқатар жыршылар байқауының лауреаты Салтанат Ерсұлтан, атақты «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі қатысты. Ансамбль жетекшісі – Мәдениет қайраткері Байғара Садуақасов.

Қарағандының талғампаз көрермені әншіге алғаусыз құрмет көрсетіп, алақанына салды.

Марал НҰРТӨЛЕУОВА,
Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің редакторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button