ЖаңалықтарРуханият

Қарағандыда жыршы Елмұра Жаңабергеннің шығармашылық кеші өтеді

Қарағандыда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жыршы Елмұра Жаңабергеннің “Дүрлердің дүбіріннен жеткен дауыс” атты шығармашылық кеші өтеді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Кешке республикалық жыршылар байқауларының лауреаттары Салтанат Ерсұлтан мен Айшағұл Манас, Мәдениет қайраткері Байғара Сәдуақасов және “Арқа сазы” фольклорлық ансамблі қатыспақ.

Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Елмұра Жаңабергеннің жеке концертінде халық әндерімен қатар Еділ Құсайынов, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Құрманбек Бекпейісов, Әсет Бейсеуов, Гарифолла Құрманғалиев шығармалары орындалады деп жоспарлануда. Кеш 18 мамыр күні сағат 17:00-де “Шалқыма” концерт залында өтпек.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button