Сүйінші, Қарағандыда дүниеге үшем келді!
Пришахтинскідегі №2 перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Перинаталдық орталықтың білікті мамандары – акушер-гинекологтар, реаниматолог-анестезиологтар, неонатологтар, акушерлер және неонаталдық мейіргерлер жоспарлы операцияның сәтті болуын қадағалады.
Екі қыз бен ұл салмағы 2390, 1960 және 2460 грамм болып туылды. Үшемнің анасы Светлана Нестерова медициналық мекеменің ұжымына алғысын білдірді.
– Менің балаларымның дүниеге келуіне көмектескен операциялық бригада мамандарына, бала дәрігерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Көрсетілген көмек пен қамқорлық үшін зор алғыс, – дейді Светлана Нестерова.
Балалар салмақ жинағанша біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болып, кешегі күні анасы мен сәбилері үйлеріне оралды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz