Бюджет есебінен көрмеге барады

Облыстағы 4 мыңға жуық оқушы бюджет есебінен «ЭКСПО – 2017» көрмесін тамашалайды.

Атап айтқанда, 6-10 сыныптардағы дарынды балалар, жетім балалар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар тегін жолдамаға ие болады. Яғни, балалар үйлері мен арнайы интернаттардан 1050 бала, сондай-ақ, облыстың мектептерінен 2700 оқушы.

Осы мақсатта білім басқармасынан 49,5 миллион теңге қаражат бөлінеді. Бір оқушыға берілетін үш күндік экскурсияға 27 мың теңге жұмсалмақ. Оған жолақы, тұру, бес рет тамақтану, «ЭКСПО» көрмесін және гидпен, экскурсия жүргізушімен бірге Елордамыздың көрікті жерлерін тамашалау кіреді.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.