Жаңалықтар

ҰБТ-ның орташа балы – 78,3

       Облыс бойынша биылғы оқу жылында 7 071 түлек мектеп бітірді. Түлектер қорытынды емтиханды сәтті  тапсырып, аттестат алды. 21-25 маусым аралығында Ұттық Бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ-ға қатысуға 5 137 түлек өтініш білдірсе,  оның 4 855-і тестілеуге қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 78,3.

Шектік ұпай жинау деңгейінен өте алмаған бітіру­шілер саны екі есе азайды (13,5%-дан – 7,3%). 281 «Алтын белгі» иегері арасынан 256 талапкер ҰБТ-ға қатысса, қалған түлектер жоғарғы оқу орындарына түсуге гранттар жеңіп алды.

Түлектер арасында тестілеу бойынша ең жоғары нәтижедегі 134 балды – Жезқазған қаласындағы №3 қазақ-түрік лицейінің түлегі Думан Төлеу және Сәтбаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мектептің түлегі Нұрдәулет Нұрғали, сондай-ақ, 133 балды Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Амангелді Сарай, «Дарын» мектебінің түлегі Нұржан Сүлеймен, Жезқазған қалалық №1 мектептің түлегі Мәди Әмірхан иеленді. Ал, Н.Нұрмақов атындағы мектептің түлегі Исламбек Танабай – 132 балл жинады.

Бұдан бөлек, облыстық  мамандандырылған мектеп-интернаттарының  40 түлегі ҰБТ-ға қатыспай-ақ Назарбаев Университетіне түсті. ҰБТ өткізу кезінде түлектерді аудиториядан  шығарып жіберу, тестілеу нәтижелерін жою секілді төтенше оқиғалар тіркелген жоқ.

Қазақ тілінде – 2 926 түлек, орыс тілінде – 1 929 тест тапсырды. ҰБТ-дан босатылған 7 оқушы – халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпазы.

Атап өткен жөн, жоғары деңгейдегі тестілеу өткізуді ұйымдастыру мақсатында барлық ҰБТӨП-ке тасымалдау ұйымдастырылып, жол полициясы мен медицина қыз­меткерлері де жұмылдырылды.

Бейіндік пәндер ұпайын бұрынғы деңгейде қалдыру бойынша Қарағанды облысының білім басқармасы ҚР БҒМ-не хат жолдады. Қазіргі уақытта мәселе шешімін күтуде.

Қарағанды облысы білім басқармасының

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button