Бас тақырыпРесми

Құрылтай сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды

23 тамызда Құрылтай сайлауына қатысқан сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болды. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берудің соңғы қорытындыларын жариялады. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров брифингте мәлімдеді.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың нақтыланған тізіміне сәйкес, Қазақстандағы сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адамды құрады.

Оның ішінде цифрлық үкімет порталы мен азаматтардың тіркелген жері туралы мәліметтерді тексеру және дауыс беру учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу онлайн сервистері арқылы 9 865 азамат тізімге енгізілген.

ОСК төрағасы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша бюллетеньге саяси партиялардың атаулары мен «Бәріне қарсы» деген жол енгізілгенін атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың дауысы былай бөлінді:

Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс, 71,17%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс, 5,11%;

«Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы – 97 751 дауыс, 1,07%;

Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс, 3,11%;

«Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс, 6,26%;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 478 083 дауыс, 5,21%;

Respublica партиясы – 509 631 дауыс, 5,56%.

«Бәріне қарсы» – 2,51%.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button