«Британдық» штамм – жұқпалы

*Осы уақытқа дейін тәулігіне 45 адам індет жұқтырса, қазір ауырған 80-110 адам тіркеледі. Ауырғандардың 43%-ы 65 жастан асқан адамдар. Ренимацияда жатқандар мен қайтыс болғандардың көбісі де осы жастағылар.

*Облыс бойынша инфекциялық госпитальдарда 1004 адам жатыр. 52 адам реанимацияда, 10 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*Қазір вирустың өзгерген түрлері көп. Әсіресе, «британдық» штам – жұқпалы. Балалардың арасында ауырғандардың көптігі осыған байланысты. Бүгінде 114 бала стационарда жатыр. Реанимацияда жатқаны жоқ. Балаларда індет жеңіл өтеді. Олар отбасындағы басқа адамдарға жұқтырмасын деген мақсатта жатқызылады.

*Вакциналау науқаны басталғанымен, дозаның аздығынан қарқыны төмендеді. 9 сәуірде қосымша 40 мың, 13-14 сәуірде 46 мың доза әкелінбек. Осы айда Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылған «Спутник V» вакцинасының 168 мың дозасы жеткізіледі. Онда барлық 115 егу кабинеті іске қосылалы.

*Қазір ел Үкіметі ресейлік тағы бір вакцинаны жеткізу бойынша келіссөз жүргізу үстінде. Қытайлық «Sinovac», британдық «AstraZeneca» вакцинасын тасымалдау мәселелері де қарастырылуда.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.