Жаңалықтар

«Бота»: кеше, бүгін

1996 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Жадыра Сембекқызы мен Рашида Бейсембекқызы жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану, білімдерін жан-жақты дамыту мақсатында оқырмандардан «БОТА» клубы құрылды. Клуб келе-келе жастардың интеллектуалды, шығармашылық, зияткерлік жолымен даму орталығына айналды. Кітапхана ұжымымен бірге қолдайтын дарынды жастар табылды. «БОТА» деген сөз өзінің тура мағынасынан басқа келесі айтылатын сөздердің аббревиатурасы болып шығады. Ол – «Білімпаздар. Ойшылдар. Тапқырлар. Алғырлар».

«БОТА» эмблемасы – түйенің ботасы, шығыс халқы үшін төзімділік пен мейірімділіктің белгісі.

«БОТА»-да белсенді оқырмандар қызықты адамдармен кездеседі де әдеби кештер мен пікірталас өткізеді.

Орталық жұмысында әр жылдарда «Жас қазақ» клубы, журналистердің «Ділмар» баспасөз-клубы, қыздардың «Шынар» клубы қызмет жасады. Осы орталықта Мартбек Тоқмырзаның «Білгенге маржан» атты телевизиялық білімпаз ойынының идеясы туды. Бұл ойын 6 жыл қатарынан мемлекеттік тілде өткізіліп тұрды. Мартбек Тоқмырза қызықты әрі танымды етіп ойынды өзі жүргізіп тұрды. «Білгенге маржан» ойынымен қатар 1999 жылы Мартбек Тоқмырза мен Ерлан Төлеутай кітапхана ұжымымен және облыстық телеарнамен бірлесіп, Наурыз мерекесіне арналған «Ғанибет» атты әдеби-музыкалық шоу өтті. 1998 жылы клуб қайта жаңартылып, жаңа құрылымдар енгізіліп, интеллектуалды орталыққа айналды: «Эрудит ХХІ», «Бақытты сәт», «Білімпаздар» интеллектуалды-білімпаздық ойындары, «БОТА-Эрудит» интеллектуалды шоу, «Қазына» әдеби салоны, «Қазына» виртуалды салоны, «Жас азамат» дискуссия клубы жұмыс істеді.

1999 жылы «БОТА керуені» акциясы басталды, оның мақсаты: жастарды бос уақыттарында кітапханада қызықты және зияткерлік түрде өткізулеріне баулу, жасөспірімдерге қызмет көрсететін ауыл кітапханашыларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. «БОТА керуені» акциясы алғашқы жолын Жезқазған қаласынан бастап, кейін Астана, Теміртау қалалары мен Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарында рухани кештер өткізді.

Орталық жас дарынды ақындар, әншілер, журналистерге жол ашты: Ерлан Құжиманов, Омар Жәлел, Ерлан Төлеутай, Римма Онаева, Сейіл Аяған, ағайынды Базарбековтер, Руслан Нұрбай, Жандос Бәдел, Қайрат Асқар, тағы басқалары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button