Болашағы зор кәсіпорын

Өткен жылдың соңында Қаражал қаласының іргесіндегі «Үлкен Қытай» кен орны аумағында темір-марганец кенін өндіру мен өңдеу бағытын ұстанған «Сарыарқа IRON» кәсіпорны ашылып, іске кіріскен болатын.

Бүгінгі күні аталған кәсіпорынның жұмысы жүйелі жолға қойылып отыр. Аз ғана уақыт аралығында айтарлықтай ілгері басу үрдісін аңғартқан кәсіпорында 19 жаңа жұмыс орны ашылса, оның 14-і жергілікті тұрғындар қатарынан қабылданған.

Халық шаруашылығына аса қажетті әрі нарықта жоғары деңгейлі сұранысты иеленетін өнім шығаруды қолға алған жаңа нысанның болашағы өте зор. Міне, осы жайт Қаражал қаласы мен өндіріс ошағына іргелес орналасқан Ақтай ауылы тұрғындарының ертеңгі күнге деген сенімдерін күмәнсіз нығайта түсуде.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.