Бұқар жырау

Болашаққа сеніммен қараймыз

    Елбасымыз әлемдегі дамыған 30 елмен тереземізді теңеп, иық түйістірер дәрежеге жетіп, әлем мойындаған мемлекет болу жолында Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталғандығын жариялады.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңа парақтар ашып отыр. Заман ағымына қарай икемделіп отырған күллі әлемдегі өзгерулер жаңа дәуірдің жағымды тұстарымен қуанта бастады. Елбасымыз ұсынған жаңа тұрпаттағы жаңғырудың өткеніміз бен тарихымызды, ұлттық рухымызды ұмыту емес, шырмауы көп талай заманның сынынан сүрінбей өткен озық дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды сақтап, жаңғырудың негізгі алғы шарттарына айналдыру екендігін айтып өтті. Кешегі жүріп өткен жолымыз бен ұлттық құндылығымыз біздің ертеңгі болашағымызға нық қадаммен аяқ басуға, сеніммен бет алуымызға шақырады.

Елбасымыз алдағы жылдары алдымызға қойған нақты жобалардың бірі – тарихы тереңде жатқан латын әліпбиіне көшу жұмыстарын бастап, 2025 жылдан еліміздегі іс-қағаздар мен оқулықтар, басылымдардың латын әрпінде шығарылуына ауқымды дайындықты бастауға бағыт береді.

Ертеңгі ел тұтқасы болар болашақ өркеніміздің білімді де, тәжірибелі болып қалыптасу жолында бірталай жұмыстар атқарылып, ХХІ ғасырға лайық қасиеттерге ие тұлға болуында «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалары Біртұтас еліміздің келешек ұрпағын ғасыр талабына сай тәрбиелеп отыр.

Біз жаңа жаһандық үрдісте заман ағымына бейімделуге қабілеттілігімізді көрсете отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен түбегейлі жаңғыруына жол бастаймыз. Еліміздің көшбасшысы – Елбасымыздың ұсынып отырған бағыт-бағдарларына ере отырып, мақсатқа жету жолында үздік нәтижеге қол жеткіземіз.

Б.Аңсарова,

«Бұқар жырау жаршысы» газетінің тілшісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button