Қарағанды

Болашаққа берік қадам

  Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру – мақсатымыз. Тәуелсiз даму жылдарында Елбасымыз Қазақстан халқына ұсынып отырған биылғы Жолдауы барысында осылай деп мәлімдеді. Елбасы кезекті Жолдауында жаһандық дағдарыс, экономиканың дамуы мәселелеріне тоқталды. Бұл ретте біз алға қойған мақсаттарымызға жету үшін бірлесе қызмет атқаруымыз маңызды.

Жоғары бiлiмдi, өз кәсiбiнiң шебер мамандарын даярлау мәселесi қашанда өзектi. Кез келген мемлекеттiң дамуында маңызды рөл атқаратын кәсіби мамандықтар орны қай уақытта да ерекше аталып келеді. Солардың бiрi, тіпті, бірегейі – мектеп мұғалiмi мамандығы. Елбасы «Болашақта еңбек етiп, өмiр сүретiндер бүгiнгi мектеп оқушылары, мұғалiм оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетiн мiндет өте ауыр» деп мұғалiм рөлiн жоғары бағалады. Мұғалiм мәртебесiн дамыған елдердегi деңгейге жеткiзу бағытында елiмiзде көптеген iстер атқарылуда. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы көлемі: денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы – орташа 28%-ға, білім беру – 29%-ға дейін, әлеуметтік қорғау – 40%-ға дейін өсетіндігін жария еткен жағдай әрбір қазақстандық ұстазды биік шыңдарға жетелейді. Бұл қолдауды ел болашағына жасалатын алтын қор деп білемін.

Жолдау барысында Елбасымыз «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Бүгінгі ахуал – жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал табуымыз керектігін» айтып өтті.

Қорыта айтқанда, Елбасымыз 2015 жылғы дәстүрлi Жолдауында елiмiзде бiлiм беру саласын дамытудың жаңа мiндеттерiн нақты белгiлеп бердi. Осы мiндеттi iске асыру бiлiм беру саласы қызметкерлерi мен ұстаздарға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Ақерке АЙТБАЕВА,

61 ЖББО мектеп психологы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button