Жаңалықтар

Біздің бақордамыз

Қарағандыдағы өр рухты жастардың рухани ордасы – Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «БОТА» жастар орталығының менің өмірімде алатын орны ерекше. «БОТА» интеллектуалды жастар орталығындағы «Ділмәр» жас журналистер клубына жетекшілік еттім. Кембридж университеті «Ғасыр ғұламасы» атаған Темірғали Көкетаев ағадан алғаш сұхбат алғаным да әлі есімде. Сол қас-қағым сәттің өзі менің өміріме жетерліктей рухани қуат берді.

«БОТА» – біздің бағымыз. Қарағандының жүздеген жастарын оятып қана қоймай, рухани жағынан толыққанды азамат болуына ықпал еткен орданың атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Біздің әрқайсымыздың арманшыл, ізденгіш, табысты, көшбасшы болғанымыз «БОТА-ның» арқасы.

Төлен ТІЛЕУБАЙ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button