Бас тақырып

Биылғы қыс қандай болады?

Өткен жолы жаңбыр жауып, артынан қар ұшқындады. Соңы көктайғаққа ұласып, қала және ауданаралық жолдар жабылды. Жұрт «Осымен қыс түсті» деп ойлағанымен, синоптиктер олай демейді. Әзірге күн райы жылы. Ал, биылғы қыс бұрынғы қыстан бөлек. Аязы мен жылуы қатар түсіп, жаңбыры мол болмақ. Бұл біздің емес, синоптиктердің болжамы. Тарқатып көрейік…

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Синоптиктер биылғы жылдың ауа райына болжам жасаған көрінеді. Мамандар: «Биыл жауын-шашын жиі болып, температура күрт өзгереді» дейді.

– Қараша айында жылы және суық күндер ауысады деп күтілуде. Елдің көп бөлігінде қар жауады. Ал, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар жаууы мүмкін. Жел екпінді болады. Боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда температура түнде -24 градусқа, күндіз -12-ге дейін төмендеуі мүмкін. Ал, батыс және оңтүстік облыстарда түнде температура -15 градусқа дейін, күндіз -0 градусқа дейін болады, – дейді синоптиктер.

Мәліметтеріне сүйенсек, қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан артық болады-мыс. Ал, нормадан аз болатын аймақ елдің оңтүстік өңірлері. Яғни, елдің оңтүстік жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігігі кіріп тұр бұл қатарға.

– Болжамға сәйкес, қыста Қазақстандағы температуралық режим норма шегінде болады. Алайда, жауын-шашын мөлшері көпжылдық көрсеткіштерден асып түседі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -45 градусқа дейін, батыс пен оңтүстікте -35 градусқа дейін қалыпты аяз болуы мүмкін. Желтоқсан мен қаңтарда салыстырмалы түрде жұмсақ, температура қалыпты шекте болады. Ақпан айында жылыну күтілуде. Елдің көп бөлігінде температура нормадан 1 градусқа жоғары болады, – делінген мәліметте.

Наурыз айы – қыс пен көктемнің арасындағы өтпелі ай. Жылы күндерден кейін аяз бен қар жаууы мүмкін. Наурыз айындағы температура нормадан жоғары. Ал, жауын-шашын елдің көп бөлігінде әдеттегіден көп болады деп болжануда.

– Желтоқсан, қаңтар және ақпан айында жауын-шашын нормадан асып түседі. Әсіресе, орталық және оңтүстік облыстарда. Наурыз әсіресе солтүстік және Орталық аймақтарға қар жауады, – дейді синоптиктер.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button