Аймақ

Биыл Теміртауда 30 ойын және 10 футбол алаңы салынады

Теміртауда жол мен аулаларды ретке келтіру жалғасады. Бұл мәселелерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде тұрғындар көтерді. Биыл металлургтер қаласында қосымша 30 ойын алаңы мен 10 футбол алаңы салынады.

Қала әкімі Ораз Тәуірбековтың айтуынша, 6, 7 және 8-ші шағын аудандардың, 70-ші орамның, Республика, Бейбітшілік және Металлургтер даңғылдарының, Ш. Уәлиханов, Абай, Байсейітова, Чернышевский, Н.Әбдіров, Теміртау және Қазақстан көшелерінің аулаларында жаңа балалар алаңдары орнатылады. 10 футбол алаңынан басқа, Теміртауда үш жаңа спорт алаңын жабдықтауға уәде берілуде. Сонымен қатар, екі арнайы ит серуендеу алаңы болады.

Ақтау кентінде бес балалар алаңы орнатылады. Мұнда да көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырлары жөнделе бастайды. Биыл 14 үй қамтылуы тиіс.

Ақтау тұрғындары орталық қазандық салу қажеттілігі туралы мәселені көптен бері көтеріп келеді. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және қазір мемлекеттік сараптамада. Ақтау кентінде үш көшеде – Шығыс, Пошта және Коллективнаяда 6,6 шақырым жолды жөндеу қарастырылған.

Теміртауда биыл 52,5 шақырым автожол жөнделіп, көше жарықтандыру тіректерін қалпына келтіру жалғасады. Сондай-ақ, нөсер кәрізін жөндеуге, қосымша бейнебақылау камераларын орнатуға қаражат бөлінді.

Кездесуде тұрғындар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі, ТКШ жай-күйі мәселелерін көтеріп, бұқаралық спортпен шұғылдануға көбірек мүмкіндік беруді сұрады. Бірқатар өтініштер бойынша Ермағанбет Бөлекпаев бірден қала басшылығына тапсырма берді.

Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Сонымен қатар, Ермағанбет Бөлекпаев “Горка Дружбы” шағын ауданындағы № 2 үйдің тұрғындарымен жеке кездесті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button