Бас тақырып

Биыл бірінші сыныпқа қанша бала барады?

 Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: pexels

Оның айтуынша, республика бойынша барлығы 7859 мектеп жұмыс істейді. Оның 6387-сі жақсы жағдайда.

 – 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн бала оқиды, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінгі таңда 336 мың бала қабылданды, – деді министр.

Оның айтуынша, әкімдіктер тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қажетті қаржы бөлді. Нәтижесінде 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артты.

– Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін көмекпен қамтылды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаражат қарастырылған, — деп түйіндеді Білім министрлігінің басшысы.

2024 жылдың 4 мамырында Білім министрі өз бұйрығымен Қазақстандағы мектепке қабылдау ережелерін өзгертті. Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихан өткізу алынып тасталды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button