Биыл Қарағандыда 74 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарлануда
Қала әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желіде биылғы жылы жөнделетін қалалішілік жолдардың тізімін жариялады. Жоспарланған жол төсемінің жалпы ұзындығы 74,3 шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, әкім қала тұрғындарының өтініші бойынша көшелер тізімі жасалғанын атап өтті.
Қала әкімінің айтуынша төмендегі көшелердегі жолдар жөндеуден өтпек:
Қала бойынша:
– Әлиханов көшесі 1,5 шақырым (Назарбаев даңғылынан Бұқар жырау даңғылына дейін);
– Н. Әбдіров даңғылы 0, 7 шақырым шағын жолы (Назарбаев даңғылынан Гоголь көшесіне дейін);
– Солнечная көшесі 0,7 шақырым (Жамбыл көшесінен Назарбаев даңғылына дейін);
– Новогородская көшесі 1,4 шақырым (Бұқар жырау даңғылынан Гоголь көшесіне дейін);
Пришахтинск шағын ауданы бойынша:
– Кемеровская көшесі 1,3 шақырым;
– Жуковский көшесі 0,7 шақырым («Бастау» ОМ кіреберісі);
Сұрыптау шағын ауданы бойынша:
– Мәметова көшесі 0,8 шақырым;
Ә.Бөкейхан ауданы бойынша:
– Майлин-Совхозная көшелері 3 шақырым;
– Белинский көшесі 1,1 шақырым;
– Магнитогорская көшесінен Майлин көшесіне дейін 0, 7 шақырым;
– Қазақстанға 50 жыл көшесі 2,5 шақырым (Күзембаева көшесінен Магнитогорская көшесіне дейін;
– Коммунистік көшесі 1,8 шақырым;
– К.Цеткин көшесі, 1,7 шақырым;
– Жеке сектор 18,5 шақырым;
Қазыбек би ауданы бойынша:
– Республика даңғылы 1,3 шақырым;
– Шахтерлер даңғылы 1,8 шақырым (Тәттімбет көшесінен Республика даңғылына дейін);
– Сарыарқа көшесі 2,7 шақырым (Республика даңғылына дейін);
– Күнгей шағын ауданы 3 шақырым;
– Гудермеская көшесі 0,8 шақырым;
– Бадин көшесі 1,7 шақырым (Баженов көшесінен Прогресс көшесіне дейін);
– Крылов көшесі 1,2 шақырым (Ипподромная көшесінен Сейфуллинге дейін);
– Дальняя көшесі 0,8 шақырым;
– Жеке сектор 16,5 шақырым;
– Федоровский өткелі 1 шақырым;
– Перонная көшесі 1,2 шақырым;
– Жеке сектор 5 шақырым;