Аймақ

Биыл Қарқаралы ауданының қандай жолдары жөнделеді?

Өткен жылы аудан әкімі Ерлан Құсайын Қарқаралы ауданы Республикалық маңызы бар жол учаскесінде 10 шақырым жолды  жөндеуді аяқтағанын, биыл Матақ ауылына дейінгі 44 шақырым жолды орташа жөндеу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Сурет: kz.redtram.com

Ерлан Бейсембайұлы тағы қандай жолдар жөндеуден өтетінін тікелей эфирдегі брифингте айтты.

– Облыстық маңызы бар жолдарды дамыту мәселесі де назардан тыс қалмайды. Қазір, мысалы, Қоянды және Ақжол ауылдары арасындағы 24 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Қазірдің өзінде 24 шақырым қиыршық тас, 15 шақырым асфальт төселді. 2023 жылы Қарқаралы-Ақжол бағыты бойынша 29 шақырымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аудандық маңызы бар жолдарға келетін болсақ, Қарабұлақ ауылына кірер жолды орташа жөндеу басталып, 1,8 шақырымға асфальт төселді, ал жұмыстарды аяқтау биылға жылға жоспарланған. Айрық пен Егіндібұлақ ауылдары арасындағы жолдар да асфальттала бастады. Бұл жұмыстарды жалғастыруға 2023 жылы облыстық бюджеттен 119,2 миллион теңге  қарастырылды,-деді Ерлан Бейсембайұлы.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button