Спорт

Біріншілікте бақ сынады

Жақында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде грек-рим күресінен облыстық ашық біріншілік өтті.

Спорттық сайысқа Жезқазған, Саран қалаларынан, Топар кенті пен Осакаров ауданынан спортшылар қатысты. Одан бөлек, Қарағанды қаласындағы «Дәулет» күрес түрлері бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің жоғары сынып оқушылары қатысты. 10 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 70-ке жуық палуан  бақ сынасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ректордың дипломына ие болып,  кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, спорт мектептерінің түлектеріне білімін біздің оқу орнында жалғастыру жайында   насихат жұмыстары да жасалды. Сайыс нәтижесінде биыл Ақтау қаласында өтетін жоғары оқу орындары арасындағы жазғы универсиадаға үміткерлер іріктелгенін де айта кеткен абзал.

Аманбек ИМАНБЕТОВ,

Қарағанды университетінің бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасының меңгерушісі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button