АймақАқтоғай

Бірі қалмай дауыс берді

Ақтоғай ауданындағы Айыртас ауылының тұрғындарының саяси белсенділігіне тәнті болдық. Шалғайдағы ауыл азаматтары түске дейін түгел өз таңдауларын жасап үлгерген.

– Ауылдық округтегі №486 сайлау учаскесінде 104 сайлаушы тіркелген. Сағат 11.00-ге дейін дауыс берушілердің барлығы келді. Өздері дұрыс деп таныған партияларды, азаматтарды таңдады. Ауылдастарымыз бірі қалмай белсенділік танытқанына қуаныштымыз. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, – дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанаргүл Зекербай.

Сайлау учаскесіне келген айыртастықтар кітап көрмесімен танысты. Көрмеге ұйытқы болған кітапханашы Индира Шәймерденова әр шығарма туралы кеңінен әңгімелеп, ауылдастарын кітап оқуға қызықтыра түсті. Сөйтіп, «саяси көзқарасымды білдіремін» деп келген жұрт рухани тұрғыда да байып жатты.

Сонымен қатар, ауылдың спорт нұсқаушысы Әбдібай Сарыбаев спорт жарысын ұйымдастырды. 

Дартс лақтыру сайысына қатысып, мергендігін танытқан Елубай Аманқұлов, Абай Бірлес және Нұрбол Қанафинді марапаттады.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ,

Ақтоғай ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button