Спорт

«Биосфера» көш бастап тұр

Босния және Герцеговина астанасы Сараевода шағын футболдан Еуро чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғауға қарағандылық «Биосфера» ұжымы аттанған еді. Жеребе рәсімі бойыншы біздің жігіттер B тобына түсті. Бұл топта Украина, Грекия және Англия бар.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Біздің құраманың алғашқы ойыны бірінші маусым күні Грекиямен өтті. Ойынның бесінші минутында гректер бірінші болып есеп ашты. Осы голдан кейін қос команда қарымта шабуылдармен алмасты. Бірақ, есеп сол күйінде сақталды. Жеңіс қарсыластың қанжығасында.

Ал, маусымның екісі күні қарағандылық команда өзінің кезекті ойынын Англиямен өткізді. Ойынды біздің жігіттер толық бақылауға алды. Минут сайын қарсылас қақпаға қауіп төндіріп, қақпашыға маза бермеді. Толассыз шабуылдар ойында нәтижесін берді. Қарағандылықтар ағылшындардың қақпасына жауапсыз жеті гол соғып, осы жарыстағы алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді.

Чемпионаттың үшінші күні жерлестеріміз 2001-2003 жылғы вице-чемпион Украина құрамасымен кездесті. Ойын командалар үшін тең дәрежеде басталды. Екі команда матч барысында бір-біріне екі голдан соқты. Матч­тың соңына дейін есеп 2:2 болып сақталды. Бірақ, қазақстандықтар екінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Украина қақпасына соққысын дөп бағыттап, допты қақпада тулатты. Тартысты кездесу жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Үш ойын қорытындысы бойынша Қазақстан, Англия және Украина 6 ұпайдан еншіледі. Бірақ, доп айырмасы бойынша қарағандылықтар көш бастап тұр. Грекия 3 ұпаймен кесте соңында.

Кестедегі соңғы ойын Грекия мен Англия арасында өтті. Осы ойын қорытындысы топтан шығу тағдырына тікелей әсер етті. Жеңіс ағылшындықтарда болғанымен, доп айырмасымен үшінші орынға табан тіреді. Топтан екі команда шығатынын еске сала кетейік.

1/16 финалға В тобынан Қазақстан мен Украина суырылып шықты.

Райымбек НАБИЕВ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті журналистика бөлімінің II курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button