Білім

Білім саласы – басты назарда

Қарағандыдағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында облыстың білім беру жүйесін дамытуға бағытталған алқа отырысы өтуде. Облыстың әр ауданынан жиналған білім саласының қызметкерлері өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісуде.

Суреттерді түсірген автор

Алқа отырысының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын қатысты.

– Мемлекет басшысы педагог мәртебесіне үлкен көңіл бөледі. Тез құбылған дүниеде саналы азамат қалыптастыру – өте өзекті мәселе. Мемлекет дамуындағы ең басым бағыт. Қай салада жүрсек те, мойнымызда үлкен жауапкершілік тұр. Мықты азаматтар тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор. “Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі” деген сөз тегін емес. Биыл облыс көлемінде білім саласына 240 мың миллиард теңге бөлініп отыр. Биыл 23 мектеп күрделі жөндеуден, 100- ден астам мектеп ағымдағы жөндеуден өтті, – деп атап өтті Ерлан Құсайын.

Жиында 2024 жылға арналған білім беру жүйесін дамытудағы міндеттер туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова баяндады.

Білім саласы мамандары алқалы отырысты біртұтас тәрбие бағдарламасын, әсіресе, құндылықтар және оны жүзеге асыру жайлы мәлімдеді.

PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу жайлы жан жақты талқылануда.

Балалардың құқықтарын қорғау және балалар саласындағы жобаларды тиімді басқару мәселелері бойынша «Менің бауырым» волонтерлік жобаларының жай күйі талқылануда.

Аяулым СОВЕТ,   

ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button