Біліктілікті арттыру – басты міндет

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялағаннан бері халқымыз әлемдегі дамыған отыздықтың құрамына ену үшін ортақ мақсатқа жұмылды. Осы мақсатқа жету жолындағы «100 нақты қадамды» Елбасы айқындап, көрсетіп берді. Ұлт жоспарында қоғамның барлық саласын одан әрі жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар толықтай қамтылған.

Жақында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы» КМҚК ғимаратында 15-қадамда көрсетілгендей мемлекеттік ап­параттың кәсіби деңгейін арт­тыруға бағытталған семинарлар өтті. Семинарда «Б» корпусы қызметшілерінің жұмыс сапасын олардың жылдық жеке жоспарының іске асыруын бағалауды және атқарылатын жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз ететін тұстар түсіндірілді.

Мемлекеттік саясаттың не­гізгі бағыттарын жүзеге асыруға, жергілікті жерлердегі бағ­дарламалар мен қойылған мақ­саттардың іске асыру әрекеттерінің тиімділігіне талдау жасау, агроөнеркәсіптік кешеннің, шаруа қожалықтарына нақты көмек көрсетудің, бі­­лім, денсаулық сақтау инфра­құрылымын және басқа да әлеу­меттік салаларды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.