Батырлар аллеясы жаңа естелік тақталармен толықты
Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Батырлар аллеясына Кеңес Одағы Батырларының есімі жазылған 14 мемориалдық белгі орнатылды. Жаңартылған аллеяның жай-күйімен облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК арнайы барып танысты.
Бұл жерге алғашқы мемориалдық белгілер өткен ғасырдың сексенінші жылдары орнатылған екен. Ол кезде, майданға Қарағанды облысынан аттанып, Кеңес Одағының Батыры атанған 20 адамның ғана есімі жазылған. Биыл, Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мәңгілік алаудың» Жауынгерлік Даңқ мемориалдық ансамбліне Қарағанды және бұрынғы Жезқазған облысының барлық батырларының есімдерін жазу туралы шешім қабылданды. Жаңа ескерткіш тумбалар бұрын орнатылғандарға ұқсас етіп жасалған. Қола жазуы бар гранитті тастан жасалған естелік белгілерді облыстық Суретшілер Одағы екі ай дайындаған.