Жаңалықтар

Батыл шешім – кемел келешек

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі халық тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Кез келген белгісіздік – екіге айырылған жол торабы іспеттес. Өтпелі кезең ұзаққа созылмауы тиіс. Себебі, бұл келеңсіз жағдайларға, не болмаса, қоғамда негізсіз шиеленістің туындауына алып келуі мүмкін.

Мемлекет басшысы «жоғарғы билік тұрақты және тыныш жағдайда екендігін» атап өтті. Бұл тұрақтылықты сақтап қалу оңайға соқпайтынын біз көрші елдердің мысалында көре аламыз.

Қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, жоспарларды құру, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу және сол шешімдерді жауапкершілікке алу үшін айқындық қажет.

Ел Президенті сайлау әділ, ашық өтеді деп жариялады. Әлемдік үдерістер үлкен қарқынмен дамуда және өтпелі кезең – еліміз үшін тым қауіпті.

 Бұл шешім дер кезінде батыл қабылданды. Біз өткен шақтың тәжірибесіне сүйене отырып, барлығымыз үшін өте маңызды мәселені оңтайлы орайластыруда өзіміздің азаматтық белсенділігімізді көрсетуіміз қажет. Бұл Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізудегі басты қадам болады.

 Татьяна САВИЦКАЯ,

Қарағанды облысы Медиация орталықтарының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button