Шахтинск

Шахтинск қаласында үй өртеніп, көпбалалы отбасы үйсіз қалды

Шахтинск қаласының Белинский 18 мекенжайында орын алған тілсіз жаудың салдарынан көпбалалы отбасы үйсіз қалды.

Қарағанды облысы ТЖД құтқарушыларының айтуынша, өрт шөп қорадан басталған. Өртенген қора үйді де жалынға ораған. Сондай-ақ, құтқарушылар зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.

Жалын 130 шаршы метр аумаққа тараған. Өрттің нақты шығу салдары қазір жергілікті құқық қорғау органдары қызметінің көмегімен анықталуда.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button