Жаңалықтар

Бас жүлде – біздің Рауанда

   Тәубе! «Орталықтың» қанжығасы тағы бір майланды! Әріптесіміз, газеттің аға тілшісі Рауан ҚАБИДОЛДИН жас ақындардың республикалық мүшәйрасында Бас жүлдені жеңіп алды.

Айтулы шараны өткізуге Астана қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мұрындық болған. Жыр бәйгесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – негізгі мақсат.

Марапаттау рәсімінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Несіпбек Айтұлы бастаған марғасқалар мүшәйраға қатысушылардың аяқ алысына оң бағасын беріпті. Біздің Рауанды жеңімпаз деп таныпты.

Бәрекелді!

Бұл – «Аққайың болсын есімің…» жыр жинағының авторы Р.Қабидолдиннің облыстағы, республикадағы бірінші жеңісі емес. Үйірімен болғай!

Айтпақшы, мүшәйраға келіп түскен үздік өлеңдер кітап болып басылып шықты. Жаңа жинақтардағы туындылар Астана кітапханалары арқылы оқырманға жол тартты.

Түйін – жеңімпаздың өзінде.

«Аярдың айтқан сөзі –

қарабақыр,

Күн сөнбей, біз сөнбейміз,

қара да тұр!

Мәңгілік, құшағыңды аш,

саған қарай

Алты Алаш атқа қонып

бара жатыр!».

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button