Облыс әкімдігінде

Бас мүфти – Қарағандыда

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫМЕН кездесті. Кездесу барысында тараптар дін мәселелерін талқылап, алдағы жұмыс жоспарын пысықтады.

Бас мүфти дін тұрғысынан облыста үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Отыз жыл бойы мұсылмандардың діни басқармасы еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығына үлкен үлес қосып келеді. Біз әкімдіктермен тығыз жұмыс істейміз. Біздің қызметіміздің басты бағыттарының бірі – ақпарат. Осыған байланысты өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан арнамызды аштық. Бүгін филиалы Қарағандыда ашылып жатыр, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфтидің Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары туралы кеңейтілген ақпаратты газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Back to top button