Ресми

Басқармада – жаңа басшы

Қарағанды облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Біржан ӘЛІМЖАНОВ тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК онлайн режимде өткен аппарат жиынында таныстырды.

Біржан Әлімжанов Алматы облысының Петропавловка ауылында дүниеге келген.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. «Бағалаушы» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Прага қаласындағы Жоғары экономика мектебінде халықаралық тағылымдамадан өткен.

Қарағанды қалалық мәслихатының V және VI шақырылымдар депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі.

«Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Қайнар» сыйлығының лауреаты.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қарағанды облысының Жастар одағы» ҚБ төрағасы ретінде бастаған.

Жастар ісі жөніндегі орталықтың жетекші маманы және директоры қызметін атқарған. 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тіл саясатының сараптама және мониторинг басқармасына сарапшы ретінде шақырылған. Дәл сол жылы кәсіби шеберлік және WorldSkills қозғалысын дамыту жөніндегі басқармада алдымен менеджер, кейін бас менеджер болған.

2018 жылғы қыркүйекте Біржан Әлімжанов білімді қаржыландыру мемлекеттік жүйесін дамыту және студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі басқарма директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Кейін «Қаржы орталығы» АҚ Студенттік жатақханалар операторлығы жөніндегі департаментінің директоры лауазымына тағайындалып, осы уақытқа дейін сол қызметті атқарып келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button