Басты тақырып

Бас

Алдаспан күнге шағылысып жарқ ете қалды. Жаңғырықтан адам басы жерге домалап түсті. Домалаған бастар Ұлы қаған Шыңғыс алған Қадыр ханның, ұлы бабасының жолын ұстаған Есім хан шапқан Тұрсын ханның бастары еді. Екеуінің де не үшін бастарынан айырылғаны елге мәлім. Бірі елшілерді өлтіреді, екіншісі өз ханын сатып кетеді. «Жестокий век» (Авторы Исай Калашников. Қарға тамырлы түркіден тарайтын бурят) деген сол.

Біздің газеттің бұрынғы редакторы, «өзі батыр, өзі бағылан» (М.Мағауин) Нұрмахан Оразбеков «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер» деген ұранын алып тастап, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұранды қойды. Қазақстанда ғана емес, СССР деген алып империяның бүкіл «Правда», «Известия», «Труд» бастаған одақтық, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, көптиражды, тіпті, біз оқушы, студент кезімізде шығарған қабырға газеттерінде де осы ұран тұратын. Алып империяда бұл ұранды бірінші болып «Орталық Қазақстан» ғана алып тастап, қазақтың ұранын қойды. Ол кезде мұндай көзсіз ерліктің байыбына бармаппыз. Алғы шепте зеңбірекке бронежилетсіз қарсы шаба алатын ағамыз бар екен. Ол – Нұрмахан Оразбеков.

Тереңірек ойлансаңыз, баспен қоса тіл де кетеді ғой. Ұлы даламызда ат жалында ғұмыр кешкен Ата Қазақ қана осы сөзді айтыпты. Басын берсе де тілін бермеген бабаларымыз.

Мағауия СЛАНБЕКҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button