Спорт
Барлығы жүлдемен оралды
Үнді Венециясының Керала штатындағы Алаппужа қаласында пауэрлифтингтен (экипировка) Азия чемпионаты өтті. Жарысқа облыстық кешенді спорт мектебінен жеті спортшымыз қатысып, барлығы жүлдемен оралды.
Азия чемпионатында Данила Клейкин, Регина Гаас пен Айбар Сапаков қарсыластарының бәрін еш қиындықсыз жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал, Карина Тычкова күміс медаль иеленді. Антон Марченко мен Степан Дейнека чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды. Полина Онуфрак жүрелей отырып көтеруден – ІІ орыннан көрінді.
Азия чемпионатына облыс атынан қатысқан спортшыларымыз барлық жаттығу түрінен 13 алтын, алты күміс және бір қола медаль жеңіп, үлкен нәтижеге қол жеткізді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz