«Балбөбектің» бір күні
№68 мектеп-интернат-балабақша кешенінің «Балбөбек» ересектер тобында «Алтын күздің ертегісі» атты ертеңгілік өтті. Бүлдіршіндер күз мезгілінің жомарттығы, әсемдігі, табиғат ерекшеліктері жайында өлеңдер оқып, әндер шырқады.
Топ тәрбиешісі Айжан Искакова мен балабақшаның музыка жетекшісі Шаттық Торшаеваның бүлдіршіндермен бірлесе дайындаған «Күзгі ертегі» атты қойылымы бүлдіршіндердің сахналауында сәтті шықты.
Ертеңгіліктің мақсаты – балалардың бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік, өзге адамдардың еңбегін бағалай білу қасиеттерін қалыптастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қойылым арқылы тәрбиеші өз мақсатына жетті. Қойылымда ас атасы – нанның дастарқанымызға қандай еңбекпен келетіні туралы тәрбиелік мәні зор мағлұматтар берілді. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар да мерекенің жоғары деңгейде өткеніне алғыстарын білдіріп, дән риза болып тарасты.
Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.