Баланың көзінше итті атқан
“Құрыш қалада, баланың көзінше итті атса дұрыс бола ма?” деп дүрлігіп отыр жұрт.
Күні кеше әлеуметтік желіде он жасар баланың атылған иттің қасында жылап отырған видеосы тараған. Теміртау қаласында аталған видео дау туғызып, тұрғындар наразылық білдірді. Жұрттың пікірінше бұл бала психикасына кері әсерін тигізеді. Баланың анасы да билік тарапынан қысым жасалды деген еді. Осыған байланысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.
– Құрметті тұрғындар, біз ит аулау жағдайы туралы түсініктеме бергіміз келеді. Ресми түрде баланың анасына ешқандай қысым жасалып жатқан жоқ деп мәлімдейміз. Барлықтарыңызға қауесеттер мен негізсіз айыптауларға сенбеулеріңізді сұраймыз.
Біздегі бар ақпарат бойынша ветеринариялық станцияға қала тұрғынының бірінен 9 шағын аудандағы Маяк дүкенінің жанындағы қоқыс контейнері тұрағының аумағында қаңғыбас иттер жүр деген өтініш келіп түскен. Бұл жерге ҚР жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы аясында әрекет еткен жауапты қызметкерлер арнайы барған. Итті аулау балалар ойын алаңында болған жоқ, бірақ аулау жұмысы кезінде иттердің бірі аулаға қарай жүгірген. Кейбір пікір білдірушілердің итті аулада атты деген ақпараттары шындыққа жанаспайды.
Ветеринариялық станция қызметкерлерінің іс-әрекеттерін құқықтық бағалау үшін қала прокуратурасы жауап береді, – делінге қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратта.
Әділет ШОПЕН.
ТЕМІРТАУ.