Балалар алаңы абаттандырыла ма?

Майқұдықтағы «Восток-2» ықшамауданы, №8 үйдің тұрғынымын. Бұл – Октябрь ауданындағы өмір сүруге қолайлы ықшамаудандардың бірі. Аялдамаға жақын. Мектеп, балабақша, сауда үйі, бәрі бар.

Алайда, ауламыздағы балалар алаңы заманауи талаптарға лайық жабдықталмаған.

Ескіріп, тозған әткеншек қана тұр, басқа түк те жоқ.

Бір мезгіл кішкентай балаларды ойнату үшін жақын маңдағы мектептердің алаңына немесе басқа аулаларға баруға тура келеді.

Осы балалар алаңының жабдықталмағаны көңілге қаяу түсіреді. Еліміздің ертеңі сол балалар емес пе?

Октябрь ауданының әкімдігі осы мәселені ескере ме? №8 үйдің алдындағы балалар алаңы абаттандырыла ма?

Еркебұлан ЕЛЕУСІЗҰЛЫ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.